Аралдағы блок-бекеттерде

2379

0

Арал ауданындағы эпи­демиологиялық ахуал күрделі жағдайда. Осыған орай өткен айдың соңында, дґлірек айтсақ, 31 мамыр күні ауданның бас мемлекеттік санитарлық дґрігерінің №9 қаулысы шықты. Індеттің таралуын тежеу, алдын алу мақсатында қабылданған құжатта көп шектеулермен қатар блок-бекеттердің де жұмысы қайта күшейтілді.

Қаулыда айтылғандай, аудан көлемінде COVID-19 сырқат­тану­шылық деңгейінің 7 күн ішінде 0%-тен 36,6%-ке өсім алуына бай­ланысты эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша, 5 тосқауыл беке­тінің жұмысы әзірге тоқтамайды. Олар – Арал қаласы бойынша 3 блок-бекет, яғни Арал-Қызылорда, Арал-Ақтөбе, Арал-Мергенсай ба­ғыт­тарында және Сексеуіл кентіне кіреберіс пен Қа­мыстыбас ауылдық округінің шека­расындағы тосқауыл бекеті.

– Тәртіп сақшылары мен меди­циналық қызмет­кер­лерден бөлек, аудан әкімдігіндегі жауапты маман­дарды ұйымдастырып, кезекшілік те қойылды. Мысалы, мен Қамбаш ауылына кіреберіс бекетке жауап­тымын. Қазір күн ысып, шомылу науқаны басталысымен Қамыстыбас көліне, яғни жағажайға келушілердің қарасы көбейеді. Тіпті, көрші облыстардан да келетіндер жетер­лік. Қаулыға сәйкес, адам көп шоғырланатын жағажайдың жұмысы әзірге тоқтап тұр. Ауру жұқ­тыр­ғандар көбейгендіктен, қада­ғалауды қатаң ұстаймыз. Әсіресе, көрші аудандар – Қазалы мен Қармақшы, Бай­қо­ңырдан келушілер осыны түсінсе екен, – дейді аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Толыбай Әлжанов.

Иә, аталған блок бекеттерде аудандық полиция бөлімінің, Арал ауданаралық ауруханасы мен аудан әкімдігінің  қызметкерлері тәулік бойы екі ауысымда жұмыс істеуде. Басты мақсат – бекеттерден өтушілердің денсаулығын бақылап, дене қызуын өлшеу, жабық аумақтарға жүріп-тұруды шектеу, Қамбаш көлінің жағажайына келушілерді тоқтату.

– Блок-бекеттерде бір күнде жалпы 36 қызметкер екі ауысыммен жұмыс жасауда. Барлық бекеттен күніне жүзден астам көлік өтеді. Қылмысты болдырмау, бақылау, әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу үшін жұмыс күшейтілген тәртіпке көшірілген. Қызметкерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз ету аудан еріктілері тарапынан жүзеге асырылып келеді, – дейді жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Нұртай Тасқынбаев.

Ержан ҚОЖАСОВ,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<