Батыр ауылындағы бірлік

801

0

Қазалы ауданының Ақтан батыр ауылында ұйымшыл жастар тобы бар. Олар әрдайым ауылдың көркеюіне өз күш-жігерлерін жұмсап келеді. Биыл сол ауылдың 1984 жылы туылған түлектері өз ауылдарына «Туған өлкем Ақтан батыр» атты тұғырды орнатып берді. Түнде әсем жарықтармен көмкерілген тұғыр ауылға ерекше сән беруде.

          Айта берсек, ауыл жастарының ерекше һәм елеулі істері көп. Қазіргі таңда «Әзілхан ишан» мешітінінің жанынан түнеухана құрлысы жүргізіліп  жатыр. Сол ауыл мешітіне әр науқан сайын жастар өздері ақша жиыстырып, тасаттық жасап, құрбандық шалып тұрады. Жағдайы төмен отбасыларға көмек қолдарын созып, жәрдемдесіп жатады. Ауыл сыртында орналасқан ескі қорымдарды қоршау, тазалау секілді жұмыстарды  жылма-жыл жүргізуде.

Ауыл жастары ауыл әкімшілігі мен ақсақалдар мен кеңесіп, ауылдың көркеюін қолға алған. 36 адамнан құралған қауымдастықтың төрағасы  Тасболат Құрманов, ұйымдастырушы мүшесі Маржанкүл Данабаева сол жастарға  бағыт-бағдар беріп отыр. Олардың әр бастамасының алға басуына ауыл тұрғындары дән риза болып, ақсақалдары батасын аямауда.

Қариялары батагөй, жастары ұйымшыл ауылдың келбеті қазіргі таңда көркею үстінде. Осындай жалынды жастары бар ауылдың болашағы жарқын, келешегі кемел.

Жанар СЕРАЛИЕВА,

Қазалы ауданы.