Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін уақытша өзгертті

1585

0

Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16 маусымдағы №15 қаулысына сәйкес аймағымыздағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмыс кестесін уақытша өзгертті.

Облыстағы барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды күнделікті сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайтын болады.

Осыған байланысты Қызылорда қаласының Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде қызмет алу үшін кезекті сағат 16:30-ға дейін брондау қажет. Одан кейінгі бронь жарамсыз деп саналады.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<