Карантиндік шаралар – қауіпсіздік кепілі

971

0

Дүние жүзін шарпыған қауіпті індет Қазақстан халқының да денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіріп, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына елеулі кері әсерін тигізді.


Еліміздің барлық аймағында короновируспен күресу бағытында тиісті шаралар қабылданып, бірқатар шектеу және алдын алу жұмыстары жүргізілді.


Қызылорда қаласы әкімдігі тарапынан 2020 жылдың
15 наурызынан бастап қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қала аумағында COVID-19 індетімен күреске бағытталған төтенше жағдайды болдырмау мен карантинді қатаң сақтау жөнінде күнделікті жүйелі бірқатар шаралар қабылданды.


Қала әкімдігі жанынан карантиндік режимді меншік нысанына қарамастан барлық субъектілердің санитариялық-дезинфекциялық режим талаптарын бақылау бойынша 14 мониторингтік топ құрылды (құрамында: қалалық прокуратура, қалалық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, қала әкімдігі, қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері).


Құрылған жұмысшы топ тарапынан осы кезге дейін қала аумағында орналасқан 5000-нан аса нысан араланып, тиісті түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.


Қала аумағында коронавирус жедел респираторлы аурулар мен пневмонияға байланысты тұрғындар тарапынан шақыртулардың күрт көбеюіне байланысты ағымдағы жылдың 29 маусымынан бастап Қызылорда қаласы әкімдігі тарапынан қала аумағындағы емханаларға қосымша көмек ретінде қала әкімдігіне қарасты барлығы 23 қызметтік көлік күнделікті қызмет көрсетуде.


Бүгінгі таңда аталған қызметтік көліктер арқылы тұрғындардан түскен 1 мың 341 шақырту орындалған.


Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы және қала әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары бөлініс бойынша қала аумағындағы барлық ауруханалар мен емханаларға жауапты ретінде бекітілді.


Жауапты мамандар құзырлы органдармен бірлесе отырып, медициналық нысандарға қажет етілетін құрылғылармен қамтамасыз ету мақсатында аталған нысандарды күнделікті бақылауға алып, тиісті жұмыстарды жүргізуде.


Сондай-ақ, қала әкімі аппаратының қызметкерлері арқылы қала аумағында орналасқан барлық дәріханаларда дәрі тапшылығының алдын алу бағытында күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Емдеу мекемелеріне кислородты баллондарға қатысты тапшылықтарды жою мақсатында (бүгінде қала аумағында орналасқан медициналық ұйымдарға күніне 400-ге жуық оттегі баллондары қажет етіледі) қала әкімдігі қаламыздағы еріктелерді, қоғамдық ұйым өкілдерін, кәсіпкерлерді, жастар өкілдерін, елдің жанашыр азаматтарын тарта отырып бірқатар шараларды ұйымдастыруда.


Осы ретте, қаламыздағы жас кәсіпкер М.Ералиев 700 дана, М.Наримова бастаған «Жомарт» қоғамдық қорының волонтерлары 60 дана, “Podarking” басшысы Н.Байжігіт 50 дана, облыстық мәслихат депутаты Р.Есеновтің демеушілігімен 700 дана, «Сыбаға» ЖШС директоры Л.Ризванова өз қаражаты есебінен 40 дана толтырылған кислород баллондарымен көмектесуде.


“Ел Арай” ҚБ төрағасы А. Байдәулетов көлікпен қамтамасыз етуде. Қоғам белсендісі С.Сұлтан 10 ылғандандырғыш сатып алу арқылы көмек жеткізсе, бірқатар азаматтарымыз 2 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.
Ұйымдастыру шараларында қала әкімдігімен бірлесе отырып, қаламыздың ерікті қоғам белсенділері Л.Бақтыбаева, Д.Эшатова, С.Абдуразакова, Р.Базарбай, А.Ізден, Л.Өтемісова және тағы басқада елжанды азаматтар өз белсенділіктерін танытуда.


Сондай-ақ, республикалық, облыстық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері халыққа тынбай ресми ақпараттар жеткізіп, ерекше қолдау білдіріп келеді.


Қала әкімдігі тарапынан дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында індетпен күресіп жатырған дәрігерлерді орналастыру үшін «Сырдария» лагерінен 100 орын дайындалды.


Ел жанашары кәсіпкер «Қызылорда» қонақ үйінің директоры Қ.Боранбаевтың қолдауымен дәрігерлерге 137 орын берілсе, «Bella Vista» кешенінің директоры Р.Ахметов 11 орынға арналған қонақ үйін алдын ала ұсынып отыр.


Бұл қолдаулардың барлығы қиын сәтте ем алып жатқан жандарға үлкен демеу болуда. Сол үшін де жомарт жандарға алғыс білдіреміз.


Қызылорда қаласы бойынша бүгінгі күнге дейін тұрғындар көп шоғырланатын орындар мен тұрғын үйлердің аумақтарына жалпы көлемі 6 млн шаршы метрге жуық аумаққа залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді (көппәтерлі тұрғын аудандар, сауда орындары, ойын алаңдары, парктер, аялдамалар т.б).


Бұл жұмыстарға барлығы – 81 адам, 8 техника (77 әскери қызметкер, 6 техника, «Қызылорда тазалығы» ЖШС 4 қызметкер, 2 техника) жұмылдырылды.
Бұған қоса, қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында
10 дезинфекциялау тоннельдері халық көп шоғырланатын орындарға орнатылды.


Аталған мәселелер қала әкімінің қатаң бақылауында.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<