Мерзімінен бұрын босатылған

638

0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Жалағаш аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған жазасын өтеушілердің қайта қылмысқа бармас үшін Жалағаш ауданы прокурорының орынбасары Е. Алмаханов, көмекшісі Қ.Назар және аудандық пробация қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, кент орталығындағы №2 полиция бекетінде профилактикалық жиын өткізді.
Пробация қызметінің есебіндегі жазасын өтеушілердің қоғамда әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасамауы және қоғамдық талаптарды құрметтеу жөнінде түсіндірілді.
Жалағаш аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Еркебұлан Асқаровтың айтуынша, пробация қызметінің есебінен жыл басынан 75 жазасын өтеуші өтсе, оның ішінде 13 азамат тәртіп ережелерді бұлжытпай орындағаны үшін, сот қаулысымен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Керісінше, жаза тәртібін бұзып, тәртіпке көнбеген шартты жазаға кесілген үш азаматтың мерзімі сот қаулысымен 3 айға ұзартылса, бір азаматтың жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып,  түзеу мекемесіне жолданды. Сонымен қатар, жазадан жалтарып, іздеуде болған Р. есімді азамат жедел бағыттағы жұмыстар нәтижесімен пробация қызметкерлерінің күшімен ұсталып, жазасы ұзартылды, – деді әділет майоры Еркебұлан Асқаров.
Сонымен қатар, есептегі жазасын өтеушілердің қылмысымен келтірліген залалды өндіру бағытында түсіндіріліп, сұрақтарына жауап берілді.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<