Нұр-Сұлтанда қар жауды: Бір тәулікте 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді

358

0

Ауа райының қолайсыздығына және қар жаууына байланысты жолда қауіпсіз жүру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті автокөлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сондай-ақ, жолда өте мұқият және абай болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, көлікті кілт тежеуден аулақ болуды, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды ескертеміз», – делінген елорда ПД баспасөз хабарламасында.

Елордада бір тәулік ішінде 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

«Жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше назар аудару қажет. Өз қауіпсіздіктеріңіз үшін құлаққаптарды алып тастауға және жолды кесіп өткен кезде телефонмен сөйлеспеуге кеңес береміз», – делінген департамент хабарламасында.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<