Қоршаған ортаны қолдау қажет

1221

0

Жалпы аймақтың қоршаған орта сапасын оңалтудың кешенді жұмыс жоспарында көзделген өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі іс-шараларды кезең-кезеңімен жүзеге асырудың маңызы зор.

Облыс орталығындағы экологиялық ахуалды жақсарту, мақсатында бұрынғы жылу электр аумағындағы күл үйіндісін жою, Титов ауданындағы сүзу алаңын құрғату, биологиялық тазарту станциясын қайта жаңғырту, Белкөл кентіндегі кәріз суын қабылдайтын сүзгі алаңына тасталатын лас суларды жою бағытында жұмыстар жүргізуді қажет етеді.

Осы тұрғыда Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің басшысы М.Құрманбаевтың ұсынысымен қалалық маслихат депутаттары, қала әкімшілігі, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктердің өкілі, экомәдениет және қоғам белсенділері, эколог ғалымдар қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Жиын барысында департамент басшысы орталық полигонның қоршаған ортаға зиянды әсері, сұрыптау жұмыстарын жолға қою, экологиялық талаптарға сәйкестендіру мәселесінің өзектілігін жеткізе отырып, қалалық мәслихаттың сессиясында қаралуын ұсынып, қолдау тапты.

Бұдан бұрын экология департаменті және қалалық мәслихат бірлесе, өңіріміздегі мемлекеттік мекемелер мен өзге де кәсіпорындардың басшылары қаладағы бірқатар нысандардың жұмысына депутаттық танысу шараларын ұйымдастырған болатын.  

Қордаланған проблеманың түйіткілді шешімін шығару мақсатында қаладағы қоршаған ортаны қорғау және экологиялық ахуалын жақсарту мәселесі қалалық мәслихаттының кезекті сессиясында қаралып, ұсыныстар келтірілді.  

Сессия отырысында департамент басшысы М.Құрманбаев  департаментке және оның әлеуметтік желідегі парақшасына қала полигоны, тұрғындардың мен кәсіпкерлік субъектілердің контейнерлерінде тұрмыстық қалдықтардың жиі өртенуінен қала іші көк түтінге айналып, күнделікті өмір сүру ортасына кері әсерін тигізетіні, арнайы техникалық көліктердің кәріз су қалдықтарын рұқсат етілмеген орындарға төгетіні жөнінде жиі шағымдатынына да тоқталды.

Дегенмен, отырыс барысында коммуналдық қалдықтарды жинаудың ұтымды және экологиялық қауіпсіз жүйесін қамтамасыз ететін шаралар қабылдау және тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешені полигондарының қалыпты жұмыс жасауын бақылауда ұстау, полигондар мен контейнерлерде қоқыстардың өртелуін болдырмау бойынша нәтижелі жұмыстарды жүзеге асыру қажеттігі назарға алынды.

Алдағы уақытта тиісті құзырлы органдармен бірлесіп, қала бойынша биологиялық тазалау станциялары, сүзгі алаңдарының қалыпты технологиялық режимде жұмыс жасамауы салдарынан қоршаған ортаға таралатын жағымсыз иістерді болдырмау және тазаланған суларды қайта пайдалану мақсатында кешенді іс-шаралар жоспарын қабылдау аталып өтті.

Жақында «Nomadas» ЖШС және өзге де серіктестіктердің Қызылорда қаласының 15 шақырымында Белкөл станциясының аумағындағы  жолаушылар вагондары тұрағының паркінің аумағындағы жер бедеріне күн сайын белгісіз жеке тұлғалар ассенизатор көліктерімен ағынды лас суларды төгіп кету мәселесі айтылған өтініші қаралды. Лас сулардың төгілуі салдарынан жағымсыз иіс шығып, ыстық ауа-райы кезінде желдің ағымымен сол иіс вагондар орналасқан аумаққа келетіндігі және жолаушылар вагондарына қызмет көрсететін қызметкерлердің жағымсыз иіс салдарынан тыныс алудың қиындайтындығы баяндалып, шара көруді сұраған.

Осыған байланысты, кәріз су жүйесінің қоршаған ортаның сапасына ерекше әсерін ескере келе, жеке көліктердің кәріз су қалдықтарын рұқсат етілмеген жерге төгіп кету жағдайларын болдырмау мақсатында, арнайы сала мамандарымен зерттеу жүргізіп, қала аумағында ассенизатор көліктерінен лас суларды қабылдайтын орындар ашу жөнінде ұсыныстар қабылданды.

Бұл ретте департамент басшысы қалалық деңгейде кәріз жүйесін дамытудың Жол картасын қабылдаудың барлық мүмкіндіктерін қарастыру қажет екендігін жеткізді.  

Қаланың сол жағалауы және «Бәйтерек» тұрғын ауданында құрылыс жүргізу барысында құрылыс салушы компаниялар құм, саз топырақтарды құзырлы органдардың рұқсатынсыз өндіреді.

Сондықтан, құрылыс жүргізуші мекемелердің қажетті құм және саз топырақтарды белгіленген жерлерден тыс құзырлы органдардың рұқсатынсыз алу жағдайларына болдырмай, құм және саз алынған орындарды талаптарға сәйкес қалпына келтіру бағытында тиісті шаралар қабылдау ұсынылып, жыл қорытындысымен орындалу барысы бойынша ақпарат жолдауды тапсырды.  

Облыс бойынша экология департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<