Қызылорда облысында электр энергиясының жаппай ажыратылуы

863

0

  Қызылорда облысында 2020 жылғы 2 маусымда 15 сағат 79 мин-те ЖШАА әрекетінен (жүктемені шектеудің арнайы автоматикасы) электр энергиясы өшірілді. ЖШАА іске қосылуы кернеуі 500 мың Вольт Л-5394 «Семей ҚС-Ақтоғай ҚС» кернеуі 500 мың Вольт Л-5173 «Екібастұз ҚС-Ағадыр ҚС» электр берілісінің әуе желісінің желілік қорғанысының авариялық ажырату себебінен болды.

Қызылорда қаласындағы «Қызылорда ЭТТК» АҚ-ның кернеуі 35 мың Вольт Л-32А, Л-32, Л-34 электр беру желілері істен шығып ЖШАА-дан өшіп, берілетін қуаты Р=13,7 МВт болатын 220/35/10 кВ «Қызылорда» Л-32А қосалқы станцияларына өтелді. Берілетін қуаты Р=10 МВт болатын Л-32 және берілетін қуаты Р=12 МВт болатын Л-34 қосалқы станциялары 220/35/10-6 кВ «Қызылорда жылу электр орталығы», сондай-ақ берілетін қуаты Р=11,5 МВт болатын кернеуі 110 мың В-Л-122 электр беру желілері 220/110/6 кВ «РУ-6» қосалқы станциялары арқылы өтелді.

Технологиялық бұзушылықты жою уақыты -Л-32 және Л-34 желілері 16 сағат 11 минутте қосылды-тұтынушыларға электр энергиясын жіберілмеуі 7987 квт сағ құрады, Л-32А желісі 16 сағат 13 минутте қосылды-тұтынушыларға электр энергиясын жіберілмеуі 5443 квт сағ құрады, Л-122 желісі 16сағат 13минутте қосылды.

            Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<