Қызылордада кен орнындағы өрттен 3 адамның қаза болуына байланысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, 1 желтоқсанда кен орнында жатақхана өртеніп, 3 жұмысшы көз жұмды. Жұмысшыларға арналған контейнер типті жатақханадан шыққан жалын 1450 шаршы метр аумақты шарпыған.
Мәлім болғанындай, жұмысшылар еңбек ететін компания қыркүйек айында жұмысын бастаған. Қаза болған адамдардың 2-еуі Қызылорда қаласында тұрған болса, 1-еуі Сырдария ауданының тұрғыны. Олардың 2-еуі ер, 1-еуі әйел адам.
«Өрт қауіпсіздігі сақталмағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Яғни, ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Аталған іс бойынша сараптамалар тағайындалды», – деді Қызылорда облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<