Рейдтік шаралар жалғасады

356

0

2020 жылғы 10 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент министрліктер мен ведомстволарға экология мәселесінің күн өткен сайын өзектілігі артып келе жатқандығын, мемлекеттің адамның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөніндегі мақсатқа қол жеткізу мемлекетіміздің орнықты дамуының негізін құрайтынын атап өтті.


Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қоршаған ортаны ластайтын жеке және заңды тұлғаларға жауапкершілікті заңнамалық деңгейде күшейтуді тапсырған.


Осыған орай, министрлікпен халық арасында оның ішінде жазғы мезгілде су жағада демалушылар арасында Қызылорда қаласы аумағында орналасқан халық көп жиналатын демалыс орындарында тұрғындар тарапынан экологиялық-санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында кешенді эко мәдениеттілікті насихаттау бағытында профилактикалық-рейдтік шаралар қолға алынды.


Аталған рейдтік шара барысында Сырдария өзені жағалауында орналасқан «Эдельвейс» және «ПМК-29» саяжай маңындағы суға шомылу орындарында демалушыларға жаднамалар таратылып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәдениеттілікті арттыру, қоршаған ортаны қорғау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Рейдтік шаралар аясында қала тұрғындарының демалыс ошақтарында қалдықтарды бей-берекет тастамау, арнайы белгіленбеген орындарда от жағу, жалпы экологиялық-санитарлық, қауіпсіздік талаптарын сақтау бағытында насихаттау шаралары атқарылды.


Аталған шараға Қызылорда облысы бойынша экология департаменті қызметкерлері, Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, Қызылорда қалалық жергілікті полиция қызметкері, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы қызметкері, жастар ресурстық орталығының еріктілері мен БАҚ өкілдері қатысты.


Алдағы уақытта Министрліктің тапсырмасына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен бірлесе тұрғындар арасында экологиялық-санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында кешенді насихаттау профилактикалық-рейдтік шаралар жалғасатын болады. Осындай шараларды ұйымдастыру арқылы халықтың белгілі бөлігінің назарын аударуға болатынына сенімдіміз.


Сондай-ақ, уәкілетті органдардың өкілдері облыс және қала тұрғындарын республикалық Call-орталығының + 7 (775) 952-49-00 нөміріне немесе облыстық экология департаментіне ҚР Экологиялық заңнамасын бұзу фактілері бойынша хабарласуға шақырады. Заңды бұзған тұлғаларды анықтау үшін азаматтардың өтініштеріне бұзушылықтарды, орын мен уақытты, сондай-ақ қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын автокөліктің мемлекеттік нөмірлерін тіркеу фото және бейне қоса берілуі тиіс.

Облыстық экология департаментінің

баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз