Праймериз – көптеген елдерде сыналған саяси процесс

943

0

Қазіргі таңда барлығымызға белгілі «Nur Otan» партиясының ағымдағы жылдың 17 тамызы мен 3 қазаны аралығында партияішілік іріктеу – праймеризі өткелі отыр.

Праймериз туралы Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үстіміздегі жылы наурыз айында өткен партияның Саяси кеңесі бюросының отырысында «Бұл партия атынан мәселелерді шешетін ең белсенді және сенімді мүшелерді анықтауға мүмкіндік беретін дұрыс шешім деп санаймын» деген болатын.

Праймериздің негізгі мақсатыда осы партияішілік іріктеу арқылы өндіріп іс жасайтын, ел алдына шығар жаңа көшбасшыларды құрамын жасақтау.

Әрине, бұл жұмыстар жаңғыру арқылы ашықтық пен жариялылыққа бағыт алған еліміздің саяси тарихында алғаш рет праймериз тәсілі арқылы өтпек.

Мен «Жүйелік талдау, ақпаратты басқару және өңдеу» саласының маманы ретінде жетекші партиямыздың пандемия жағдайын ескере отырып, азаматтар қауіпсіздігі үшін, заманауи цифрлық технологияларды қолдану арқылы праймеризді өткізудің онлайн-форматын қалыптастырып отырғанын толық қолдаймын. Бұл көптеген елдерде сыналған саяси процес. Мәселен, онлайн дауыс беру-бұл ыңғайлылық пен уақытты үнемдеу. Дауыс беруші партиялықтар үйден шықпай-ақ, кез – келген уақытта, кез – келген жерде өзі қалаған үміткерді таңдауға қатыса алады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, алдағы праймеризге қатысатын барлық азаматтарға сәттілік тілеймін.

СӘБИТ ИБАДУЛЛА ,

«Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-нің директоры,

PhD докторы, «Nur Otan» партиясының мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<