Салғырттық салдары

543

0

Жыл басынан бері су айдындарында 16 жазатайым  оқиға тіркелді. Салдарынан 17 адам қайтыс болды. Өкініштісі, оның 7-уі бала. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орын­басары Руслан Қайрақбаев мә­лімдеді.

Шілде айының 12-сі күні «ПМК-29» саяжайы «Қал­ған­дария» көлінде 1994 жылы туған азамат суға батып кетті. Ол суға түсуге арналмаған орында шомылған. Салдарынан қай­ғылы жағдай орын алды. Сала мамандарының іздестіру жұмыстарының нәти­жесінде 18 сағат 58 минутта азаматтың денесі табылып, судан шығарылды.

Соңғы кездері табиғат аясында дема­­латындардың қатары кө­бей­ген. Өзен, көл жағасында ты­нығу кешін ұйымдастырып, қауіпсіздік шараларын ескермегендер бақытсыз жағдайға ұшырауда. Осы ретте шомылу маусымында судағы төтенше жағдайларға жол бермеу мақ­сатында  қатаң  шаралар қолға алынды. 

Департаменттің же­дел-құтқару жасағының күштері мен құралдары әзірлікке кел­тірілді. Жедел-құтқару  техникалары, жүзу құралдары, сүңгу құрал-жабдықтары,  жеке құрамның жабдықтарын, құт­қару құралдарын  пайдалану дайындығы тексерілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<