Татарстанда мектеп ішінде болған атыстан он бір адам қаза тапты

607

0

Қазан қаласында білім беру мекемесінде болған атыс кезінде мұғалімдер мен оқушылар қаза тапты. Бірнеше адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Қаланың Джаудата Файзи көшесі, 8 мекенжайында орналасқан №175 мектепте белгісіз адамдар оқушыларға оқ жаудырған. Сонымен қатар жарылыс болды деген ақпарат бар.

Білім ордасына жақын жерде болған куәгерлер атыс кезінде мектеп терезелерінен секіріп кеткен балалардың видеоларын интерентте таратты.

Видеода атылған оқ пен қатар шырылдаған балалардың дауысы да қатар естіледі. Ресейлік БАҚ-та таралған мәліметтерге сенсек,  оқ атқандардың бірі ұсталған. Күдіктінің жасы 19-да.  Дәл қазір жағдай тұрақты.

Жантүршігерлік оқиға салдарынан оқушылар қорқып қалған. Эвакуацияланған балалармен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Оқиға орнына 21 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. 

Сондай-ақ Татарстан Президенті Рустам Минниханов пен республиканың денсаулық сақтау министрі Марат Садықов және облыс прокуроры Илдус Нафиков та оқиға болған жерде жүр.

Қаланың барлық білім беру мекемелерінде қауіпсіздік шаралары күшейтіле бастады. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<