Тель-Авив әуежайында бірде-бір Қазақстан азаматы қалған жоқ

245

0

Фото: Kazinform

Air Astana компаниясының маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Адель Дәулетбек БАҚ өкілдеріне Тель-Авив-Алматы рейсінің қалай орындалғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Kazinform.

«Air Astana» компаниясының маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Адель Дәулетбектің айтуынша, елге жеткізілгендердің басым бөлігі Қазақстан азаматтары мен олардың туыстары. 166 жолаушының екеуі – нәресте.

«Өздеріңіз білетіндей, бұл елдегі жағдай сенбіден бастап күрт нашарлады. Осыған байланысты Air Astana рейстерді тоқтатты. Бүгін ғана эвакуациялық ұшуды жүзеге асыру мүмкін болды. Компания басшылығы азаматтарымызды эвакуациялау үшін шешуші шаралар қабылдады. Біз Тель-Авив әуежайында бірде-бір Қазақстан азаматын қалдырмадық, олардың барлығын алып кеттік. Біз бұл елдегі жағдайды жіті бақылап отырдық. Бұл өте шиеленісті жағдай. Жасыратыны жоқ, қиын қадам болды, өйткені ол жерде іс жүзінде азаматтық рейстер қалмады. Олардың барлығы тоқтатылды. Сондықтан осы рейсті орындағанымызға қуаныштымыз», – деді ол.

Бұған дейін 124 қазақстандық арнайы репатриациялық рейспен елге жеткізілгені туралы жазған едік.

Еске салайық, 7 қазан күні палестиналық ХАМАС тобы Израильге шабуыл жасады.

Кейн Газа секторынан атылған зымырандардың бірі Тель-Авивтегі Бен-Гурион халықаралық әуежайының маңына түскені белгілі болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<