Тоқаев «СҚ-Фармация» мен ММСҚ басшыларын қызметінен босатуды тапсырды

806

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы күресте туындаған қиындықтарға байланысты тергеу жүргізуді тапсырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Туындаған қиындықтарға байланысты кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту үшін тергеу жүргізу керек. ММСҚ (әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры. – ЕСК.) және «СҚ-Фармация» басшыларын қызметтен босатып, тергеу жүргізу керек», – делінген хабарламада.

Еске салайық, мұның алдында Антикоррупция «СҚ-Фармация» қызметіне қатысты тексеріс бастаған болатын. Тексерісті Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, СҚ-Фармацияның қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жүргізетіні айтылған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<