Түлігі сау шаруаның тіршілігі өнімді

554

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаевты қабылдады. Онда басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар сараланды.

Мал ауруларының алдын алу мақса­­тында биыл аса қауіпті 16 түрлі жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен қаралған 6311,2 мың доза ветеринариялық препараттың бүгінгі таңда облысқа 99,7%-і жеткізілген. Қазіргі күні бекітілген 11 айлық жоспарға сәйкес алдын ала егу жұмыстары 95,9 процентке орындалды. Сонымен қатар, жануарлардың 6 түрлі энзоотиялық ауру­­ларына облыстық бюджеттен қар­жы бөлініп, қажетті ветеринариялық пре­парат­тар толық сатып алынды және бекі­тілген 11 айлық жоспар 94,2% жүргізілді.

Басқарма басшысының айтуынша, жыл басынан бері бруцеллез ауруына қарсы диагностикалық тексерудің нәтижесінде 47 бас МІҚ, 248 бас уақ мал оң нәтиже көрсетті. Оның ішінде, шектеу қойылған 7 ошақта ауру мал анықталды. Шектеу қойылған ошақтарда сауықтыру жұмыстары толық жүргізіліп, ауру мал ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес уақы­тылы сойылды, мал иелеріне 4430 мың теңге өтемақы төленді.

Сондай-ақ, аймақта бірдейлендіру жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Осы жылдың 1 қарашасы күніне ақпараттық жүйеде 391,9 мың бас МІҚ, 841 мың бас уақ мал, 188,5 мың бас жылқы, 58,3 мың бас түйе, 1,6 мың бас шошқа тіркелген.

Ауыл шаруашылығы жануарларына, олардың өнімдері мен шикізатына берілетін ветеринариялық анықтамалар «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» арқылы рәсімделуде. Жыл басынан 41675 дана  ветеринариялық анық­тама беріліп, мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Баяндама барысында басқарма басшысы Жаңақорған, Қазалы аудандарында судан улану салдарынан мал шығыны  орын алуының алдын алу үшін атқарылған жұмыстарды баяндады.

Жаңақорған ауданындағы жеке қожалық пен шаруа қожалықтарындағы мал саны (32931 бас МІҚ, 56207 бас уақ мал, 12128 бас жылқы, 856 бас түйе) анықталып, қолданыста 31 құдық бары және әкімдік пен шаруашылық тараптарынан 22 құдық қазу қажеттілігі нақтыланды. Қазіргі күні ол толық қазылып, пайдаланылуда.

Сонымен қатар, 2013  жылдан бері жаңартылмай, тозығы жеткен мате­риалдық-техникалық жабдықтау мәселесі көтеріліп, ветеринариялық ұйымдарға компьютер, оргтехникалар, қызметтік автокөліктер алу қолдау тапты.

Сондай-ақ, Шахмардан Сұлтанбекұлы жануарлар ауруларының алдын ала егу жұмыстары нәтижесінде облыс көлемінде аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелмей, эпизоотиялық тұрақтылық сақталып отырғанын мәлімдеді.

Қабылдау соңында облыс әкімі бас­қар­ма басшысына бірқатар тапсырма берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<