«Жас ұланға» қабылдау үшін 1,2 млн теңге пара алған мектеп қызметкерлері ұсталды

410

0

Алматыдағы Б.Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің лауазымды тұлғалары заңсыз қаражат алу күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Б.Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің лауазымды тұлғаларын талапкерді оқуға қабылдау үшін 1,2 млн теңге сомасындағы қаражатты заңсыз алу күдігі бойынша әшкереледі», – деді Қайсар Баржақсынов. Оның атап өтуінше, аталған тұлғалар қылмыс жасағандықтарын толық мойындаған. «Қазіргі таңда қылмыстық іс тергеу сатысында, басқа жағдай тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды», – деді ол.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз