Жастар мүмкіндікті құр жіберіп алмауы керек

773

0

Елімізде әлеуметтік-экономикалық жаңғырулармен қатар, еліміздің саяси өмірінде де оң өзгерістер бой көрсетіп, жаңа технологиялар мен тәсілдер айналымға енуде. Солардың бірі, батыс елдерінің сайлау тәжірибесінде жүйелі түрде қолданылып келе жатқан праймериз ұғымы.

«Праймериз – бұл билікке жаңа азаматтар неге келмейді?»,- деген сауалға жүйелі жауап болып отыр. Себебі өкілді билік органдарындағы кадрлық жаңару Мемлекет басшысы бастамашылық еткен реформаларды жүргізуге жаңа серпін береді. Ал праймериз – бұл елдегі өзекті мәселелерді шешуге арналған сындарлы ұсыныстары бар азаматтардың топ жарып шығуына үлкен мүмкіндік. Сол үшін мен айтар едім, «Nur Otan» партияcының жасап отырған бұл мүмкіндігін белсенді, біліміне, өзіне сенімді, елімді шын көтеремін деп талпынып қолы жетпей жүрген азаматтар тиімді пайдалану керек.

Оның үстіне коронавирустық пандемия жағдайында праймеризді өткізудің онлайн-форматына көшу де партия тарапанан азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға жасалған зор мүмкіндік.

Барлық праймеризге қатысамын деуші азаматтарға сәттілік тілеймін!

БАЙМЫРЗА ҚОЖАМБЕРЛИЕВ ,

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<