Жыл басынан бері 217 адам балық аулау ережесін бұзған

1310

0

Балық шаруашылығы су айдындарында және учаскелерінде, балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. кәсіпшілік балық аулау;
  2.  әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
  3.  Ғылыми-зерттеу үшін аулау;
  4.  бақылау үшін аулау;
  5.  мелиорациялық аулау;
  6.  өсімін молайту мақсатында аулау;

Жоғарыда  көрсетілген балық аулау  түрлері  және оның жолдары туралы халық  арасында үгіт-насихат, түсіндірме  жұмыстары  әрдайым  жүргізіліп  келе  жатса  да  заңсыз балық аулаушылар  саны азаймай тұр.

Инспекция бойынша  2021 жылдың  бүгінгі күнге дейін барлығы 118 рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Табиғат заңнамасын  бұзудың алдын алу және анықтау мақсатында 290 рейд, оның ішінде 16 қылмыстық с анықталып, ішкі істер органына жолданды, 2 іс қылмыстық құрамының болмауына байланысты 383-3 бөлігімен әкімшілік іс болып қысқартылып кері қайтарылып хаттама толтырылып, сот органына жолданды. Қалған 272 әкімшілік хаттамалар толтырылып, оның 55  әкімшілік  ісі сот орындарының қарауына жіберілді.

Жыл басынан балық аулау ережесін бұзғаны үшін 217 жеке тұлғаға айыппұл салынып  94%  өндірілді.

Табиғатқа келтірілген залалы үшін 120 тұлғадан 6 635,2 мың теңге талап етіліп, 2 66,3 мың теңге өндірілді.

Осы заңсыз балық аулауды болдырмау мақсатында Арала-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы иснпекциясы тарапынан  үгіт- насихат,  күнделікті бақылау  жұмыстары жүргізіліп келеді.

«Таза су айдындары-2021» акциясы аясында Кіші Арал теңізінде тралдау жұмыстары жүргізіліп, жағалаулар қоқыс қалдықтарынан тазартылды.

«Уылдырық-2021» акциясы 1 мамыр мен 10 маусым (қоса алғанда) аралығында балықтардың уылдырық шашу мезгілінде балық аулауға тыйым салынып, балықшыларға үгіт-насихаттар жүргізіліп, листовкалар, буклеттер таратылды.

Алмат ЕРАЛИН,

Арал балық инспекциясының бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<