10 қазанда жылу беріледі

2133

0

10 қазан күні Қызылорда қаласына жылу беріледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Елмұрат Рахматуллаев бүгінгі брифингте мәлімдеді.

Бұған күн райының күрт төмендеуі себеп. Осылайша шаһар басшысының шешімімен тиісті нысандар жылуға биыл бес күн бұрын қосылады.

– Жылу маусымы арнайы қағидаға сәйкес бес тәулік бойы сыртқы ауаның орташа температурасы +8̊С және одан төмен болған жағдайда басталуы тиіс. Осыған дейін бұл 15 қазанға тұспа-тұс болып келді, – деді Е.Рахматуллаев.

Зерттеу кезінде 35 көпқабатты үйде проблема анықталған еді. Дегенмен, нақты шаралар аясында жөндеу жұмысы уақытылы аяқталды.

Назерке САНИЯЗОВА,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<