50 отбасыға азық-түлік үлестірді

394

0

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Абуов Болатбектің тапсырмасымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қайырымдылық акциясы болып өтті.

«Бас мүфтиіміз Серікбай қажы Ораздың бастамасымен биылғы жыл – «Ислам және отбасы» жылы болып бекітіліп, республика көлемінде түрлі шаралар өткізу тапсырылған еді. Аталмыш жыл аясында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы бұнымен тоқтамақ емес. Алла Тағала баршаңыздың жанұяңызға береке-бірлік берсін! Келе жатқан Рамазан айы мүбарак болсын! – деді, Бас имам Болатбек қажы Ұласқанұлы.

Қасиетті жұма күні өткізілген қайырымдылық шарасында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 50 отбасыға азық-түлік үлестіріліп, көмек алған мұқтаж жандар өкіл имамға алғыстарын білдірді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<