Алаяқтық жасау – ала жіпті аттау

1599

0

Алаяқтық жасау – ала жіпті аттау Алаяқтық қылмысы әртүрлді тәсілдермен жасалады. Алдау немесе сенімді теріс пайдалану зиян келтірудің тәсілдеріне мыналар жатады: Құмар ойындарын ойнағанда әртүрлі айла қолдану, жасанды асыл бұйымдарды сату, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері немесе банк, мұғалім тағы басқа салада жұмыс істейтін қызметкер ретінде таныстыру жолымен әрекеттер жасау, банктік несиелерді жалған құжаттар жасау арқылы алу, тұрғын үйлерді сату, айырбастау үшін жалған құжаттар жасау үшін, банкоматтан ақша немесе сауда кәсіпорындарынан тауарлар алу үшін біреудің немесе қолдан жасалған карточкаларды пайдалану, мемлекеттік мүлікті жалған құжат арқылы  несиеге алу немесе қалған қарызды төлеуден жалтару және тағы басқалар.
Кез келген адамның  арзанға алып,  сатқысы келетіні түсінікті. Адамдар ауызша берілген кепілген сеніп,  бейтаныс адамдарға жеке және  банк мәліметтерін таратып, түрлі мәмілелерге отыруға даяр болады, ал алаяқтар болса  бұл жағдайларды  өз пайдаларына асырады.
Айыпталушылар орындығында  отырғандар ішінде  баласы қырқынан шықпаған О.Э есімді сотталушы ана отырса, темір торда  әлі  де үйленбеген жап-жас қыз отырды.
2015-2017 жылдар аралығында сотталушылар Б., О., А. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бөтен мүлікті сенімді теріс пайдалану жолымен, бірнеше рет және ірі мөлшерде алдап алып, алаяқтық қылмыстарын жасаған.
Атап айтқанда олар пәтер алып беремін деп 2 700 000 теңгесін алып, кейін тағы  банкте жұмыс істейтін туысқан тәтем бар, сол кепілде тұрған пәтерлерді алуға көмектесе алады деп өздерінің жалға алып қойған Қызылорда қаласының жалға алған пәтеріне барып, А.О-ны өзінің тәтесі Ж-ның көмекшісі деп таныстырып, пәтердің ішін жәбірленушіге көрсету арқылы бұл пәтердің кепілде тұрғандығын түсіндіріп, алғашқы құжаттарын рәсімдеу үшін тез арада көп мөлшерде ақша  бересіз, әйтпесе бұл пәтерден айырылып қаласыз деп жәбірленушіге айтқан. Осы кезде, А.О мен сыбайластары А.Б, Э.О жәбірленушінің ұялы телефонына хабарласып құжаттарды рәсімдеу үшін алғашқы сұраған 3.300.000 теңгесін алып келуін жылдамдатып, кездесуді ұйымдастырып, аталған күні нотариус ішінде кездесіп, алаяқтық қылмысын ақырына дейін жеткізу үшін сыбайласы А.Б,  А.О қалада жоқ, мен ақшаны ала беремін деп займ шартын жасап, жәбірленушіден жалпы 6 000 000  теңгесін алдап алып,  жәбірленушіні сан соқтырған.
Бұл көп эпизодты қылмыстық істің бір аға эпизоды, оның артында басқа қаншама жәбірленушілер тұрды.
Нәтижесінде, Қызылорда қаласының № 2 сотында  28.08.2017 жылғы үкімімен үш сотталушы әйелге қатысты айыптау үкімі шығарылып,  біреуі жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық өндірістен тоқтатылды.
Тек сақтық қана адамды ақшасын алаяқтың қолына ұстаудан аман алып  қалатынын ұмытпауымыз қажет, себебі сақтансаң сақтаймын деген.
М.Жакупова,
Қызылорда қаласының №2 сотының
бас маман сот отырысының хатшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<