АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

286

0

«1 наурыз – Алғыс айту күніне» орай, аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенованың қатысуымен аудандық «Достық үйінде» өзге ұлт өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге тілі басқа, тілегі бір, жүзі басқа, жүрегі бір өзге ұлт өкілдері, үкіметтік емес ұйым төрағалары, ардагерлер және журналистер қатысты. Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова қатысушыларды «Алғыс айту күні» мерекесімен құттықтады.
– 40 мыңға жуық халқы бар ауданымызда 620 әртүрлі ұлт, 16 этнос өкілдері тұрады. Олар қоғамның әр саласында жемісті еңбек етіп, ауданның дамуына өз үлестерін қосып келеді. Кент орталығындағы бос тұрған ғимарат қайтадан жаңғыртылып, «Достық үйіне» бейімделіп ашылды. 2014 жылы ауданымызда «Қоғамдық келісім кеңесі» құрылып, жұмыстары жүргізілуде. Аталған қоғамдық келісім кеңесінің құрамы жоғары кәсіби мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ-дар өкілдері, ауданның бас имамы және өзге ұлт өкілдері қамтылған. Осындай ынтымақ, келісімді ахуалды сақтау – баршамыздың міндетіміз. Бүгінгі күні аудандық ассамблеяның құрылымдары өңірдегі берекелі бірлік пен ынтымақты тірліктің қалыптасуына, қоғамдық келісімнің нығаюына жұмыс жасауда,- деген Балшекер Сұлтанбекқызы ауданның бірлігі мен ынтымағына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды «Алғыс хаттармен» марапаттады. Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жанәлиева, аудандық келісім кеңесінің мүшесі Е.Мясцова, «Достығымыз жарасқан» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ш.Кошкаровалар сөз сөйлеп, мерекеге орай кездесуді ұйымдастырған атқарушы билік өкілдеріне алғыстарын айтты.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.