«Аралтұз» қызметкерлерінің жалақысы өседі

372

0

«Аралтұз» АҚ компаниясының басшылығы жыл басында қызметкердің табысынан 1% мөлшерінде алынатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналарының қосымша ұлғаюын өтеу туралы шешім қабылдады.


Бұл зауыт қызметкерлерінің қолына алатын жалақысын сақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, егер шешім қабылданған жағдайда, компания Арал өңірінің Қазақстандық бөлігінің қолайсыз аумақтарының экологиялық төлемдерінен міндетті зейнетақы төлемдерін (МЗЖ) толық өтеуге дайын.


Бұдан басқа, өзінің ұзақ мерзімді тұрақты өсу және әлеуметтік қолдау стратегиясын ұстана отырып, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап «Аралтұз» АҚ зауытының өндірістік персоналына жалақыны орта есеппен 10% – ға арттыру жүргізіледі. Нәтижесінде компанияның еңбекақы төлеу қоры, салықтар мен аударымдарды қоса алғанда, 15,8%-ға ұлғаяды.


Өндіріс және техникалық даму жөніндегі вице-президент Сержанов Ғалымжан: «2020 жыл бүкіл ел үшін де, біздің компания үшін де өте қиын жыл болды, бірақ барлық қиындықтарға қарамастан, біз әрқашан Арал ауданының тұрғындарына барынша көмек пен қолдау көрсетуге тырысамыз. Компания үшін басты құндылық – оның қызметкерлері», – деп атап өтті. «Аралтұз» компаниясы Арал өңіріндегі 1200-ден астам жергілікті тұрғынды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін қала құраушы кәсіпорын болып табылатынын атап өткен жөн.

«Аралтұз» АҚ 1925 жылы құрылған Қазақстандағы тұз өндіру және қайта өңдеу бойынша ірі кәсіпорын болып табылады. «Аралтұз» АҚ өнімі – тамақ және техникалық тұз – бұл тек Қазақстан аумағында ғана емес, сонымен қатар ТМД-ның басқа да елдерінде жоғары деңгейде танылған отандық бренд.


«Аралтұз» компаниясы Қазақстандық нарықта көшбасшылық позицияны берік ұстана отырып, қазіргі уақытта өндірілетін өнімнің 76%-ын Ресей Федерациясының барлық федералдық округтеріне, Қырғызстанға, Украинаға және Өзбекстанға экспорттайды.
Жақын болашақта компания өз жеткізілімдерінің аумағын кеңейтуді жоспарлап отыр, сондықтан оның негізгі мақсаты оңтүстік-шығыс Азия нарығына: Қытай, Тайваньға, сондай-ақ Таяу Шығыс: БАӘ, Катар, Аман және т.б. шығу.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз