Қармақшыда облыстық жас ақындар аламаны өтті

322

0

Көшеней Рүстембекұлы атындағы «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен «Жастар жылы» аясында Сыр сүлейі «Дүр Оңғар Дырқайұлының туғанына 160 жыл» толуына орай «Ерлерім сөйле дегесін» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті.
Айтыстың басты мақсаты – Сыр сүлейі Дүр Оңғар Дырқайұлының бар болмысын, шығармашылығын, ерекшелігін жырлап, кестелі сөзбен өрнектеу, жыраудың асыл мұрасын насихаттау.
Жас ақындар айтысына айдынды Аралдан бастап, қарт Қаратауға дейінгі аймақтан 10 жас ақындар қатыстырылып, сөз маржанымен айтыстың сан қырлы бояуын қанықтырып, үздік өнер көрсетті.  
Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені қызылордалық Піржан Сандыбайға бұйырды. І орынды Шиелі ауданынан Айқын Төлеген лайық деп танылса, ІІ орынды облыс орталығынан қатысқан Бағдаулет Әділбаев иеленді. Ал ІІІ орынды қармақшылық Еркебұлан Серіков қанағат тұтты.
Сонымен бірге белсенді қатысқан айтыскер ақындарға ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар табысталды.
Қасиетті Қармақшы өлкесіндегі жыр додасында киелі сөздің үздік үлгілерін танытқан жас ақындарымыз тыңдарманның көңілін жауһар жырымен сусындатты.

Қармақшы ауданы әкімінің бапасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<