
«Цеснабанк» АҚ өкілдері Tengrinews.kz редакциясының сауалхатына берген жауабында бұл банкоматқа жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында инженер қате жібергенін мәлімдеді. «Астана қаласы, Тілендиев көшесі, 15, №22 БҚО, «Рахмет» СҮ мекенжайы бойынша орналасқан банкомат бойынша 05.04.2018 ж. бастап 12.04.2018 ж. аралығында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Инженердің жіберген қателігінің нәтижесінде ақпараттың банкоматтар экранында көрсетілуі үшін жауапты файлдардың бір бөлігі толық көлемде жүктелмей қалған. Қазіргі уақытта аталмыш банкоматтағы проблема жойылды», – деп түсіндірді ақауды банк өкілдері. Сонымен қатар, банкте қазіргі кезде қызметтік тергеу жұмыстарын жүргізу және банкомат экрандарындағы ақпараттың барлық тілде дұрыс көрсетілуіне бақылауды күшейту жөнінде шешім қабылданған. «Жауапты қызметкерлерге тиісті ықпал ету шаралары қолданылатын болады және қосымша оқыту жүргізілетін болады. «Цеснабанк» АҚ өз қызметінде әрқашан ҚР заңнамасын, соның ішінде Тілдер туралы заңды ұстанатындығын баса айтамыз», – дейді банктегілер.