Аудандық ардагерлер кеңесінің пленумы өтті

275

0

Фото: Арал ауданы

Кеше аудан әкімдігінде аудандық ардагерлер кеңесінің пленумы өтті. Іс-шараға пленум мүшелері, аудан әкімінің орынбасары К.Бержанов, тексеру және тұрақты комиссиялардың, бастауыш ардагерлер кеңестерінің төрағалары, кент және ауыл әкімдері, ауданның ардагерлер ұйымдарының белсенділері қатысты.

Пленум отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Жиынды ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Әйімбетов жүргізіп, өз баяндамасында аудандық ардагерлер кеңесінің 2023 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы айтты. Ұйым қарттарға түрлі қолдау шараларын жасап, егде жастағы азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, толыққанды өмір сүруіне ықпал жасап келеді. Ардагерлерге арналған түрлі форматтағы іс-шаралар, байқаулар мен экскурсиялар өткізіліп, мерекелерге орай материалдық көмек көрсетілуде және арнайы сыйлықтар таратылуда.

Сондай-ақ жиында аудан әкімінің орынбасары өңір дамуына еңбек сіңірген азаматтардың үлесін атап өтті.

«Арал өңірінде өзінің адалдығымен, парасат-пайымымен танылған, елі үшін аянбай еңбек еткен азаматтарымыз өте көп. Сіздер қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың сақталуына атсалысып келесіздер. Сол үшін алдыңғы буын ағаларға алғысымыз шексіз. Өткен жылы облыстың 85, ауданымыздың 95 жылдық мерейлі белесі аясында түрлі форматтағы, жоғары мазмұнды ғылыми-танымдық, мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде, Аралдың тарихында орын алған дамудың даңғыл жолындағы әрбір оқиғаларды және сол жылдары өнегелі ісімен есте қалған тұлғалардың өнегелі еңбек жолын еске алу, ұлықтау шараларын өткізуге ерекше мән берілді. Бұл шаралардың ауданымыздың тұрғындарына, оның ішінде, жастарымызға өмірлері еңбекпен өрілген, толағай болмысты қайраткер ағаларымыздың есімін ұлықтауда маңызы зор деп санаймын» – деді, Кете-Төле би Досымжанұлы.

Мұнан бөлек, пленум отырысында ардагерлер белсенділерін ауыстыру мәселесі қаралып, ұсынылған кандидатуралар бекітілді.

Пленумға қатысушылар еркін форматта пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

Іс-шара соңында бірқатар азамат өңір дамуына қосқан үлесі үшін аудан әкімінің «Алғыс» хатымен марапатталды.

Арал ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<