Қазақстан Байқоңырды жалға беру арқылы қанша табыс табады?

119

0

2018 жылға облыстық бюджеттен, сондай-ақ ескерілген үш фактор бойынша Алматы мен Астана қалалары бюджетінен республикалық бюджетке шамамен 63,7 млрд теңге көлемінде трансферт түседі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lsm.kz сайтына сілтеме жасап.

2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2018 жылдан 2020 жылға дейін міндетті зейнетақы жарналарын енгізу кезеңін кейінге шегеруге байланысты 49 млрд теңге алынады. 14,6 млрд теңге жұмыс берушілердің міндетті әлеуметтік сақтандыруға аударымдары бойынша ставкалардың төмендеуіне байланысты болады. Сондай-ақ, 65,2 млн теңге «Есірткіге тәуелді тұлғаларды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесінің коммуналдық шығындарына аудару есебінен алынады.

«Республикалық бюджетке облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен аударылатын сомалар үкіметтің шешімі негізінде анықталады», – делінген ресми құжатта.

Сонымен қатар, 2018 жылға арналған республикалық бюджетте Ресейдің «Байқоңыр» кешенін жалға алғаны үшін төленетін 38,7 млрд теңге және әскери полигондар үшін төленетін 6,8 млрд теңге көлеміндегі қаржы қарастырылған.