
Экстрасенстің болжамынша, биылғы жылы әлемде табиғи апаттар көп болатын көрінеді.
«Биылғы жылы табиғи апаттар да көп болады, әсіресе көп елдер мен тұрғын үйлерді су басады. Ал кей елдерде керісінше құрғақшылық болады. Бастысы, Қазақстанда ондай табиғи апаттар да, соғыс та болмайды. Басқаны білмеймін, мен үшін бастысы – тыныштық, бейбіт өмір», – дейді танымал экстрасенс.
Сондай-ақ, Бақыт Жұматова 2024 жылы әлемде қауіпті жағдай орын алуы мүмкін деді.
«2024 жылы әлемде қиын-қыстау сәт орын алатынын көріп тұрмын. Бұл ретте Қазақстан да әлемдегі жағдайдан тысқары қала алмайды. Әсіресе көршілес Ресейде қиын сәт орнағанда, оның бір ұшы Қазақстанға да тиюі әбден мүмкін», – деді танымал экстрасенс.