Болашағы жарқын Шиелі жастары

60

0

Шиелі аудандық мәдениет үйінде «Жастар – Мәңгілік ел мұраты» атты аудан жастары форумы өтті.
Дәстүрлі жыл сайын ұйымдастырылып отырған жастар форумында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы жастар саясатын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға тоқталып өтті.
– Дана халқымыз «Бір күніңді ойласаң ағаш ек, екі күніңді ойласаң үй сал, ал келешегіңді ойласаң ұрпағыңды тәрбиеле» деп бекерге айтпаса керек. Егемен елдің ертеңі, тәуелсіз еліміздің тұтқасын ұстар-болашағымыз ол сіздер өскелең ұрпақ. Сіздерге қарап, келешегімізді бағамдаймыз. Бүгінгі жастар тәрізді белсенді, білімді, білікті, жан-жақты өз елінің патриоттары сіздерге қарап отырып, еліміздің ертеңі сенімді қолда екеніне көз жеткіземіз, – деп атап өтті.
Қатысушылар жастар саясатының жүзеге асырылуын, өзге де өзекті мәселелердің тиімді тетіктерін талқылап, шешу жолдарын қарастырды.
Форумда 2 секцияға бөлінген жастар арасында «2019 Жастар жылының шараларына ұсыныс-пікірлер және талқылау жұмыстары», «NEET cанатындағы жастарды нәтижелі жұмыспен қамту жолдары және кәсіпкерлікпен айналысуына көмектесу шаралары» туралы ой бөлісті. Қазіргі таңда ауданда 20 мыңнан астам жас бар. Ол жалпы аудан халқының 25 пайызын құрайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз