Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар берді

248

0

13 мамыр күні Дональд Трамп Ақ үйде мұсылман қауымға ауызашар жасады, – деп хабарлады stan.kz.

«Рамазан – бұл АҚШ мұсылмандары мен әлем мұсылмандары үшін қасиетті ай», – деді АҚШ президенті ауызашар кезінде. 

Трамп екінші жыл қатарынан Ақ үйде ауызашар жасап отыр. АҚШ-тың Трампқа дейінгі үш президенті де жыл сайын Рамазан айында Ақ үйде ауызашар жасауды дәстүрге айналдырған. Дональд Трамп осы дәстүрді бұзып, 2017 жылы ауызашар жасамағаны үшін сынға ілікті. 

АҚШ-та 3,5 млн мұсылман бар. Ислам діні бұл елде кең таралып жатыр. 2050 жылы АҚШ-та ислам дінін қабылдағандар саны 8,1 млн адамға жетеді деп болжанды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<