Дональд Трамп күніне 22 рет өтірік айтады – БАҚ

332

0

Халықаралық фактілерді тексеру күні қарсаңында CNN Дональд Трамптың айтқандарының рас-өтірігіне қатысты зерттеу нәтижелерін жариялады. 
«Президент қызметіне кіріскен 802 күнде АҚШ президенті Дональд Трамп  9 451 жалған мәлімет айтты. Мұндай зерттеуді Washington Post редакциясы жүргізді», – деп жазады басылым. Мақалада атап өтілгеніндей, «Дональд Трамптың өтірік айтатыны ешқандай да жаңалық емес». Дегенмен, басылым соңғы алты айда Америка басшысының айтатын өтірігінің тым көбейіп кеткенін алға тартып, осыны жаңалық деуге болатынын жазып отыр.  
«Соңғы 200 күнде Дональд Трамп күніне 22 өтірік айтқан екен. Бұл президенттік қызметке кіріскен алғашқы жылға қарағанда 5,9 есе көп болып тұр», – делінген ақпаратта.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<