Елімізде биыл адам саудасына қатысты 136 қылмыстық іс қозғалған

737

0

Жыл басынан бері полиция адам саудасына қатысты 136 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері полиция адам саудасына қатысты 136 қылмыстық істі тіркеді, оның ішінде кәмелетке толмағандарды сатуға қатысты 16 іс бар», – деді Нұрділдә Ораз министрлікте өткен апталық брифингте.

Оның айтуынша, халықаралық рейтингте қабылданып жатқан шаралардың арқасында Қазақстан Республикасы Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ең төменгі стандарттарды сақтау бойынша айтарлықтай күш-жігер жұмсайтын елдер санатында.

Бұған дейін ресми өкіл ТМД елдерінде «Іздеу» жедел алдын алу шарасы өткенін, Қазақстан іздеу жариялаған 33 адамның ТМД аумағында ұсталғанын айтқан еді.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<