Есепті кездесу Ақжар, Ақтөбе, ІІІ Интернационал және Дүр Оңғар ауылдарында жалғасты

522

0

Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі

Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекұлының бейсенбідегі есепті кездесулері Ақжар, Ақтөбе, ІІІ Интернационал, Дүр Оңғар ауылдық округтерінде жалғасты. Аудан басшысы жыл көлеміндегі аудан бюджеті, макрокөрсеткіштер мен барлық салалардағы атқарылған жұмыстарды атап айтты.

Ауыл тұрғындары тарапынан, аяқ су, көгілдір отын және электр желілерін жаңарту мәселелері қозғалды. Аудан әкімі бұл мақсатта жұмыстар жүргізіп жатқандығын атап өтіп, алдағы жылдың бас жоспарына енгізілгендігін айтты.

Мәселен, алдағы жылы Көмекбаев, Қуандария, Ақтөбе, Иіркөл елді мекендеріндегі тұрғын үй секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының (электр беру желілерінің) құрылысы басталатын болады.

Сонымен қатар, Жосалы кенті «Тәуелсіздік» ықшам ауданының үйлеріне газ желілерін жеткізу құрылысы жүргізеді. Тұрмағамбет ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы басталады.

Кент тұрғындарының көтеріп жүрген күрделі мәселелерінің бірі Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі Мырзағалиев көшесінде темір жол өткелі құрылысы (переезд) жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуді бастауға мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Мұнымен қоса Жандос Еркінбекұлы аудан бойынша елді мекендердегі көшелерді абаттандыру мақсатында 65 жобаның сметалық құжаттамалары әзірленуде екендігін, оның ішінде электр жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстарына, балалар ойын алаңына, көшелердің жаңа құрылысына, 11 көшеге күрделі жөндеуге, 26 көшеге орташа жөндеу жұмыстарына, ағымдағы жөндеу мен 12 көшеге жарықтандыру жұмыстарына, 1 тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына, 3 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салуға қаржы қаралғандығын жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<