Футбол аңызы Марадона қазақстандық аяғы жоқ баламен кездесті

120

0

Әлидің арманы орындалып, аңызға айналған адаммен футбол ойнады. Әлемдік футболда аңызға айналған Диего Марадона аяқсыз дүниеге келген қазақстандық жас бала Әли Тұрғанбековпен кездесіп, футбол ойнады, деп хабарлайды BNews.kz.

Кездесудің видеосы мен фотосын Марадона Instagram-дағы өзінің парақшасында жариялады.

Жас бала футбол ойнауды өте жақсы көреді. Әли алдымен аңызға айналған футболшы Диего Марадонамен кездесіп, өзінің арманын орындағысы келетіні туралы айтып, бейнежазба жолдаған болатын.
«Бүгін менімен кездесуге келген Әли досыммен аздап футбол ойнадым. Басқаларға үлгі көрсетіп, қиындықтарды жеңіп жатқаның үшін саған рахмет, Әли. Сенің досың, Диего!», – деп жазды Марадона.