Халықаралық фестивальде өнер көрсетеді

309

0

Облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры үстіміздегі жылдың тамыз айында Эдинбург қаласында өтетін «Фриндж» халықаралық өнер фестиваліне қатысады. Онда Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу»  лиро-эпостық драмасының желісі бойынша сахналанған «Ақбаян» спектаклін ұсынады.

Халықаралық «Фриндж» («Fringe») фестивалі 1947 жылдан бастап жыл сайын тамыз ай­ында Шотландия елінде өткі­зіліп келеді. Бұл – әлемдегі ең жоғары деңгейде өтетін өнер фести­вальдерінің бірі.   Фестивальге  әлемнің 50 мемлекетінен 50000 өнерпаз қатысады. 3000-ға жуық қойылым көрсетіледі.   

Сыр театры ұсынғалы отырған «Ақбаян» спектаклін қоюшы режиссер – театрдың  көркемдік  же­текшісі,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмір-Темір Хұсейн.  Көркемдеген суретші Нұркен Қалымбетов. Спектакльде өнер көрсететін ар­тистердің басым көпшілігі жас­тар. Атап айт­сақ,  Ақбаян ролінде – Зари­на Кенжеәлі, Айым Бегмат, Қозы рөлінде – Санат Жүзбай,  Қо­дар – Қанат Архабаев және Қарабай ролінде  – Қазақстан Жас­­тар одағы  «Серпер» сыйлы­ғы­ның лауреаты Бақытбек Те­мір­беков,  Сарыбай – Сырым Әбд­ра­зақов,  Мақпал – «Мәдениет қай­рат­кері» төсбелгісінің иегері Залипа Төлепова және Күнекей ро­лінде – Ақтолқын Төлеуова. 

Махаббат хикаясына толы елу минуттық қойылымда – бесікте атастырылып, бірақ  жолдары екіге айырылған, он жеті жылдан соң қайта жүздескен қос ғашықтың тағдыры суреттеледі. Бір-бірін көруге ынтық жүректер қайта табысады. Алайда, олардың қосылуына кедергі бар. Бірі – қалайда дүниесін толтыруды көздеген қыз әкесі Қарабай. Екіншісі – Баянға ғашық, тек күшіне сенген Қодар. Спектакльде қазақтың салт-дәстүрлері – биі, ойындары мен ұлттық нақыштағы киімдері көрініс табады.

– Қазақтың ұлттық мәйегі мен мәдени құндылығы тоғыс­қан  «Ақбаян»  спектаклімен әлем сах­насына жол тарту Н.Бе­кежа­нов атындағы қазақ драма театры  үшін мәртебелі  міндет  болып табылады, – деді театр­дың көр­кемдік жетекшісі Әмір-Темір Хұсейн.

Н.Бе­­кежанов атындағы қазақ музы­калық драма театрының репер­туарында түрлі жанрдағы көрер­мен тал­ға­мына сай сапалы қойы­лымдар саны артқан.     

Театр 63 жылдық маусы­мын­да бес мемлекетке гастроль­­дік сапармен барып,  қазақ  өнері­нің  мәртебесін  көтеріп,  мерейін ас­қақтатты.  Оның ішінде, Татарстан, Түркия, Әзербайжан және Ұлы­британия еліндерінде өткен өнер додаларына қатысып, үлкен жетістіктермен оралды. 

      

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<