Кастро, Буш, Аннанмен кездесу: Желіде Тоқаевтың сирек суреттері пайда болды

544

0

Youtube-тағы Toqayev Team арнасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреттерінен даярланған қысқаша бейнежазба жарияланды. Бұл жолы кадрларда президенттің еңбек жолы көрсетілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бейнежазбада Тоқаевтың басқа мемлекет пен халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездескен суреттері көрсетілген. Ал видео мәтінінде 1992 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарғаны айтылған. Артынша Тоқаевтың Кубаның бұрынғы жетекшісі Фидель Кастромен түскен суреті жарияланған.
 1994 жылы Тоқаев Сыртқы істер министрі қызметіне келеді. Ал 1999 жылы қазіргі президент елдің премьер-министрі болып тағайындалды. 2002 жылы қаңтар айында ол мемлекеттік хатшы – сыртқы істер министрі лауазымын алып, жұмыс барысында АҚШ президенті кіші Джордж Бушпен, БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннанмен танысады. 2007 жылдың қаңтар айында Тоқаев парламент төрағасы болып сайланды. Ал 2011 жылдың наурызында ол БҰҰ бас хатшысының орынбасары қызметін алды. 
Бейнероликте Тоқаевтың Фидель Кастромен, Ресей Сыртқы істер министрлігінің басшысы Сергей Лавровпен және басқа да саяси қызметкерлермен түскен суреттері көрсетілген.
2013 жылы Тоқаев қайтадан парламент сенаты басшылығына келді. Ал 2019 жылдың 20 наурызында ол Қазақстан президенті атанды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Toqayev Team Youtube арнасы Тоқаевтың жас кездегі суреттерін жариялаған еді.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<