Кәсіпкерлік өрісі кеңейді

288

0

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде гранттар беру бойынша 33 жобаға 23,2 млн.теңге бөлінді, деп хабарлады Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов.
«Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы шеңберінде «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-нен 22 жоба 62,9 млн теңгеге несиелендірілді.
Сонымен қатар, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жыл басынан бері барлығы 69 жоба 217,8 млн.теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 54 жоба 183,2 млн.теңгеге, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ» ЖШС-гі арқылы құны 34,6 млн.теңге болатын 15 жоба несиелендірілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<