ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – РУХАНИ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫ

1852

0

Жуырда «Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты №18 кітапханада «Латын әліпбиіне көшу – рухани тәуелсіздік жолы» атты дөңгелек үстел өтті.

Шарада филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры Аман Абасилов бастаған ұстаздар ой өрбітіп, сауалдарға жауап берді.

– Егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалып отыр. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Ең алдымен заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасуымыз керек. Бұл үдеріс жақсы дайындықты және ойластырылып жүргізілуді қажет етеді, – деді ғалым. Сонымен қатар, Аман Абасилов тіл саясатының 4 түрлі мәселесін түсіндіріп өтті.

Мұнан сон №197 мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестік жетекшісі Қамар Машатбаева «Латын қарпіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты баяндама жасады.

Аида САХИТЖАНОВА. 

ҚМУ 3 курс студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<