Наурыз айында мұзға шығу аса қауіпті – құтқарушылар ескерту жасады

372

0

Фото: Мухтар Холдорбеков/ Kazinform

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары наурыз айында мұзға шығудың қауіпті екендігін ескертті, деп хабарлайды Қазақпарат.

Көктемнің алғашқы айында су қоймаларындағы мұз нәзік болады. Бұл уақытта мұзға шығу өте қауіпті. ШҚО ТЖД қызметкерлері халықтан сақтық шараларын қаперде ұстауды сұрады.

«Өзен-көлдерде осы уақытта мұз борпылдақ болады. Мұзда жарықтар да болуы мүмкін. Сондай-ақ өсімдіктер өсіп тұрған жерлердегі және қар үйінділерінің астындағы мұздан абай болу керек», – дейді департамент бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.

Қатты мұздың белгілері келесідей:

– Жасыл немесе көкшіл реңктері бар мөлдір мұз;

– Ашық, қарсыз кеңістіктегі мұз әрқашан қалың болады.

Ал жұқа мұз сұр, сарғыш түсті болады. Ата аналар көктемгі демалыс қарсаңында балаларына ерекше назар аудару керек. Оларды су қоймаларында жалғыз қалдыру өте қауіпті.

Облыстағы құтқарушылар еріктілермен және полицейлермен бірлесіп, су айдындарында барлығы 620-дан астам рейд жүргізді. Халыққа 4400-ден астам үгіт-насихат жадынамасы таратылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<