«Құндызды май» шаруа қожалығы егінге орақ салды

992

0

Сырдария ауданына қарасты Сәкен Сейфуллин ауылдық округіндегі «Құндызды Май» шаруа қожалығы бүгін күріш ору науқанын бастады.
Сыр маржанын жинауға арналған рәсімге аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Әзірбек, С.Сейфуллин ауылдық округі әкімі М.Қаратаев және ауыл ақсақалдары қатысып, диқаншылардың егін науқанында мол өнім жинауына тілектестігін білдірді.
Салтанатты түрде лента қиылғаннан кейін «Құндызды Май» шаруа қожалығының төрағасы Б.Рахмет дала еңбеккерлері ел қамбасын алтын дәнге толтыратынына сенім білдірді.
Айта кету керек, аталған шаруа қожалығының еңбеккерлері биылғы жылы 800 гектарға Сыр салысын еккен. Жақында «Жомарт жүрек» сыйлығы иегерлерін марапаттау іс-шарасында С.Сейфуллин ауылының тыныс-тіршілігіне етене араласып, ауылға жаңа мешіт асханасының салынуына, қоғамдық моншаның ашылуына септігін тигізген «Құндызды май» шаруа қожалығының төрағасы Рахмет Бөлеген Әбжаппарұлына «Жыл тұлғасы» номинациясы берілген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<