Оқушылар ақын өлеңдеріне сурет салды

937

0

Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектепте «Ұлы дала ақындары» жобасы аясында ақын, жазушы, дарынды драматург Сәкен Сейфуллин шығармалары желісінде «Қазақ даласында» атты сурет байқауы өткізілді.

Қазақ елінің көркем табиғаты мен туған жер туралы, ұлттық болмыс пен құндылық суреттелген өлеңдерін оқушылар оқып, алған әсерлері бойынша сурет салып, сынға түсті. Сайыс қорытындысы бойынша 8 «С» сынып оқушысы Темірлан Рүстембек І орын, 8 «А» сынып оқушысы Инаят Алиакбар мен 9 «D» сынып оқушысы Қарақат Алдаберген ІІ орын иеленді. 7 «В» сынып оқушысы Жаннұр Әби , 8 «В» сынып оқушысы Алия Төлепберген мен 8 «С» сынып оқушысы Әдемі Әлсейіт ІІІ орынды өзара бөлісті.

«Сәкен Сейфуллиннің «Біздің жақта» өлеңінде қазақтың жазиралы кең даласы, көркем табиғаты, қазақ жігіті мен қызының бітім-болмысы суреттеледі. Табиғаты сұлу, қонақжай, бауырмал ұлттың баласы екенімді мақтан етемін», – дейді сайыс жеңімпазы Темірлан Рүстембек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<