Ораза мен намаз кестесінің жаңа нұсқасы

747

0

Ораза мен намаз кестесінің жаңа нұсқасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан уақытының өзгеруіне байланысты 2018 жылғы Қазақстан елді мекендерінің Рамазан айындағы ораза және намаз кестесінің жаңа нұсқасын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Маусымның 10-нан 11-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. Ораза айт 15 маусымда, ал Құрбан айт 21 тамызда басталады. ҚМДБ Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері 300 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады. Осы орайда Қызылорда облысындағы мұсылман жамағатының назарына облысқа арналған Рамазан айындағы ораза және намаз уақыттарының кестесін ұсынамыз.
Айта кетейік, кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Рамазан айының қай күні басталатындығын ресми жария еткен болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<