Оқушылар еліміздің бас қаласының көрікті жерлерін тамашалады

386

0

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жалағаш ауданының оқушылары еліміздің бас қаласы – Астана қаласына туристік саяхат жасап, Көкшетау қаласының киелі жерлерін аралады.
Оқушылардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында 2018 жылы 1-10 сынып аралығындағы жазғы демалыс шараларымен, саяхатпен 5052 бала, яғни 83,1% қамтылады деп жоспарланған. Есепті мерзімге оқушылардың 5021-і жазғы демалыс шаралармен, саяхатпен, көркейту-көгалдандыру шараларымен қамтылды.
Атап айтқанда, оқушылар Астана қаласындағы «Ақкөл» шатырлы лагеріне, Оңтүстік Қазақстандағы «Таң нұры» шипажайына, Алматы қаласындағы «Тау-Жаңашар», Жаңақорған ауданындағы «Талдысу», кент орталығындағы «Ақтерек» сауықтыру лагерлеріне барды.
Сондай-ақ, оқушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласына екі күндік туристік саяхатқа барып қайтты. Туристік саяхат барысында олар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында, «Атамекен Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде, ұлттық музейде, «Бәйтеректе», сондай-ақ, ЭКСПО қалашығындағы «Нұр Әлем» павильондарында болып, жұмыстарымен танысты.
Еліміздің киелі жерлерін аралау мақсатында ағымдағы жылы 8 оқушы Көкшетау қаласының киелі жерлерін тамашалап, тарихымен танысты.
Сонымен қатар биылғы жылы көркейту – көгалдандыру бағытында «Жасыл ел» бағдарламасы аясында аудан бойынша 100 жас еңбек жасақтарына қамтылды.
Жазғы каникул кезінде мектептен тыс мекемелерде арнайы «Жайдарлы жаз» атты бағдарлама бойынша Оқушылар үйі жанынан 5 үйірме (хореография, ағылшын, робототехника, көркемсурет, математика) жұмыс жасауда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<