Партия алаңында бірқатар мәселелер талқыланды

442

0

Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының  кезекті отырысы өтті.

Партия алаңында мектептердің жаңа оқу жылына және әлеуметтік нысандардың жылу маусымына дайындығы талқыланды.

Жиынға комиссия төрағасы Н.Бақытбекұлы, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Н.Дәулеталиев, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары О.Исмалаев және ZOOM бағдарламасы арқылы қалалық, аудандық Партиялық бақылау комиссиялары төрағалары мен мониторинг тобының мүшелері қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде ауыл мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы бойынша жүргізген мониторинг топтары жұмыстарының  қорытындысы, партия мүшелерінің мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы бойынша қызметі және жылыту маусымына әлеуметтік нысандардың дайындығы бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының – партия мүшелерінің қызметі туралы (отынмен қамтамасыз ету, жылу жүйелерін жөндеу және күтіп ұстау, қазандықтарды қадағалау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т.б.) мәселелер қаралып, талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді партиялық бақылау комиссиясы толықтай қарап шығып, жұмысты жүйелендіру бойынша нақты ұсыныстарын берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<