Полиция департаментінде үздік қызметкерлер мен ардагерлерге марапаттар табысталды

1007

0

Қызылорда облысының Полиция департаментінде «7 мамыр – Отан қорғаушылар» және «9 мамыр – Ұлы Жеңіс» күндеріне орай мерекелік салтанатты шара өтті.
Іс-шара Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы, Ішкі істер органдарының ардагерлері, тыл ардагерлері, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.


Шараға қатысушылар фашизммен соғысқан ІІО ардагерлерінің құрметіне арналған ескерткішке және қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған мемориалдық стелаға гүл шоқтарын қойды. Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін жиналғандар қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.


Сонан соң Департаменттің мәжіліс залында салтанатты шара бастау алды. Қазақстан Республикасының Туы шығарылып, Әнұран орындалды.
Қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген қызметкерлерге, ардагерлерге, тыл ардагерлеріне арнайы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ахметжанов Марат Мұратұлының ресми түрде құттықтау жедел хаты оқытылды.

Өз кезегінде Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Шамшидин Амитов антына адал қызмет етіп жүрген қызметкерлерді 7 мамыр мерекесі мен Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.


«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Өскелең ұрпақ аға буын – ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді.
Осы қасиетті күні адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз.
Теңдессіз ерліктің күшімен келер ұрпаққа бейбітшілік әкелген Ұлы Жеңіс күні қарсаңында ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін мерекемен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ өмір, игілік және ең бастысы – аспанымыз ашық, бейбіт өмір болсын деп тілеймін!» деді Шамшидин Амитов.


Ардагерлеріміздің ықылас-пейілімен, ізбасарларының жүрегіне құйған жігер-қуаты мен озық ойларының нәтижесінде Қазақстан полициясы қызметкерлерінің қатары нығайып, өркендеп келеді. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Құрметті ардагерлері – Рахимов Тастемір Сауранбайұлы және Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлы полиция қызметкерлерін құттықтады.


Айтулы мерекелерге орай, Қызылорда облысы Полиция департаментінің 250 қызметкері және 60 ардагер марапатталды.
Әрі қарай дәстүр бойынша іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Мерекелік концертте тәртіп сақшылары «Байтақ елім қазағым», «День победы», «Мен қазақтың баласы», «Парад победы», «Атамекен» әндерін орындап, шеберліктерімен таңдандырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<