Қызылордада аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні таратып жүрген тұрғын қолға түсті

677

0

Қызылордада аса ірі көлемде синтетикалық есірткі заттарын жасырын таратып жүрген қала тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері 4 қазаннан бастап «Рефлекс-2021» жедел профилактикалық шарасын жүргізіп келеді.

Аталған шара барысында облыс орталығында аса ірі көлемде синтетикалық «меткатинон», «мефедрон» есірткі заттарын жасырын таратып жүрген қала тұрғыны қолға түсті. «Күдікті мобильді қосымша арқылы тапсырыс қабылдаған. Оны қала ішіндегі белгілі бір жасырын жерлерге салып отырған. Полицейлер күдіктіні синтетикалық бетбелгі (закладка) қалдырып жатқан жерінен ұстады.

Айғақ зат ретінде одан барлығы 72 дана синтетикалық заты бар орама алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Онда аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу жағдайы көрсетілген», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомство мәліметінще, қазіргі таңда күдікті азамат Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Еске салсақ, биыл Қызылорда облысында есірткі бизнесіне қатысты 169 қылмыс анықталды.




Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз