Қызылордада медбике дәріні қымбатқа сатқан

959

0

Қызылордада дәрі бағасын көтеріп сату фактісі анықталды. Бұл туралы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінен хабарлады.

Заңсыз кәсіпкерлікті жүзеге асырды деген күмәнмен, яғни лицензиясыз дәрі-дәрмек сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Дексаметазон» дәрілік препаратының (инъекцияға арналған ерітінді) бір ампулы 1500 теңгеден сатылған. Департамент қызметкерлеріне, басқа сатып алушылармен қатар, медбике А.А. осындай көтеріңкі бағамен 15 дана ампула сатқан. Сорақысы сол, дәрі-дәрмекті сатушы медицина қызметкері болып шықты.

Мониторингтік топ қазіргі кезде аталған дәрі-дәрмектің тегін берілуге жататына немесе нақты сатылу бағасы туралы эксперттердің қатысуымен тексеру жүргізуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс департаменттің өндірісінде.

Департаменттің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<