
Қасиетті айда Қадрдан Нас сүресіне дейінгі аралықтағы сүрелерлерді жатқа оқудан жарысқан мешіт шәкірттері жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа (үлкендер және жастар тобы) бөлінді.
Алдымен жарысқа түскен «Үлкендер» тобынан І – Н.Саткинбаева, ІІ – К.Ибраимова, ІІІ – К.Абуова жүлделі орындарға ие болса, жастар тобынан І-орын – Б.Жақсылыққызы, ІІ-орын – А.Қуандық, ІІІ-орын – А.Байменовалардың тәжуиді мен махражы жоғары бағаланып, өзге қатысушылардан оза шықты.
Сайыста төрелік еткен аталмыш мешіт имамдары мен әйелдер бөлімінің ұстаздары қатысушыларға алғыс білдіріп, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-сырдария» мешітінің баспасөз қызметі