Сарыкөл ауылдық округінің әкімі сайланды

260

0

Фото: Қазалы ауданының әкімі

ҚР-ның «Сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес 21 сәуірде Сарыкөл ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы өткізіліп, ауыл халқы өз таңдауын жасады. Сайлаудың қорытындысы бойынша «Аmаnаt» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсынған кандидат Бердімұратов Рахымжан Дабылұлы басым дауысқа ие болып, Сарыкөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Рахымжан Дабылұлы 1982 жылы Қазалы ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Дизайн» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003-2005 жылдары Қызылорда қаласында ЖК «R-Дизайн» мекемесінде дизайнер болып бастаған.

2006-2007 жылдары Қызылорда қаласында ЖК «Құдиярова Ж.» мекемесінде дизайнер, 2007-2008 жылдары Қызылорда қаласында «Тұран-Әлем Банкі» АҚ Қызылорда филиалында менеджер, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі «БТА Банкі» АҚ ҚФ, «Жанкент» бөлімшесінің бастығы, кредит эксперті, 2008-2010 жылдары Ақтөбе қаласы «Корпорация Сайно» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде атқарушы директор, 2010-2018 жылдары Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде ЖК «Бердімұрат Р.» жеке кәсіпкер, 2019 жылдан бері Әйтеке би кентінде «Бердымуратов Б.» жеке кәсіпкерліктің өндіріс басшысы қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 1 қыз, 2 ер бала тәрбиелеп отыр.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<